Ақтауда 3 жасар баланың қолын экскалатор қысып қалды жеп жазады Lada.
«Ақтау» ойын-сауық орталығына әйелі мен кеүйеуі 2 баласын ертіп барады. Келіншек 2 жасар баласын күйеуіне ұстатып, банкоматтан ақша алып келем дегенше үлкені экскалаторға жүгіріп кетіп қалады.
«Мен айқайлағанымша болмады, ол құлап қалды. Жүгіріп жанына барғанымда қолы экскалатордың тістеріне қысылып қалғанын көрдім. Дереу суырып алдым. Саусақтары қан-жоса болды. Жақын маңдағы дәріханаға бардық. Сол жерде дәке танып, алғашқы көмек көрсетілді», – дейді Ақтау тұрғыны.
Сәбиді ауруханаға апарып, қолын ренгенге түсірдік деген ата-ана балаларының сүйегі сынбағанына қуанып отыр. Десе де, ойын-сауық орталығындағы лифтінің жөндеуден өткенін қалайды.
«Ақтау» ойын-сауық орталығы ашылғалы экскалатор жөндеу көрмеген. Егер жөнделген болса, тістері баланың қолын кері қайтарып тастаушы еді. Демек бұл жер төтенше жағдайларға арналған демалыс орны. Бүкіл қала осында жүреді. Кейбірінің бір емес, бірнеше баласы бар. Егер осы жағдай қайталанса, кім жауап береді?», – дейді әйел.
Сауда орталығылығының басшылығы болса, бұл оқиғаға жауап беруге асығар емес.