$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда тағы бір бала менингит жұқтырды деген күдікпен ауыр жағдайда ауруханаға түсті

Алматыда тағы бір бала менингит жұқтырды деген күдікпен ауыр жағдайда ауруханаға түсті деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

«Барлық науқастың жағдайы тікелей өзімнің қадағалауымда. Кеше 2 адам осы менингит күдігімен түсті. Алматыда 1 бүлдүршін ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Диагнозы анықталып жатыр», – деді Біртанов.

Сондай-ақ министр менингогокк инфекциясынан дәл қазір 11 адамның емделіп жатқанын айтты. Ал жалпы, менингит жұқтырғандардың саны 60-қа жуықтаған екен. «Жағдай әзірге тұрақты» деп сөзін тәмәмдады ол.

Айта кетейік, өткен айда, айналасы бірнеше күн ішінде менингит дертінен 13 адам көз жұмды.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары