Бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы - ҚР Парламент Мәжілісі депутаты Серік Сәпиевті Ақмола облысы Қоянды ауылындағы аузы-мұрнынан тасып, сыртына төгіліп жатқан қоқыс жәшіктері шошытыпты. Мұны ол видеокамераға түсіріп, әлеуметтік желі арқылы облыс әкіміне көрсетті.
Қоянды ауылы - Астана іргесінде жатқан елдімекендердің бірі. Мәжіліс депутаты облыс әкімінен Қояндыда тазалық орнатуды сұрап отыр.
«Ақмола облысының Қоянды ауылынан өтіп бара жатып мына қоқыс жәшіктерін көрдім. Бұл көліктер жүретін көше. Осы бейнежазбама құрметті Ақмола облысының әкімі Мәлік Кеңесбайұлы назар аударатын шығар. Сөйтіп ауылдағы қоқысқа толы жәшіктерді алып тастайды деген үміттемін», – деп жазды Серік Сәпиев өзінің Instagram-парақшасында.