Алматыда тағы бір бала менингит жұқтырды деген күдікпен ауыр жағдайда ауруханаға түсті деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
«Барлық науқастың жағдайы тікелей өзімнің қадағалауымда. Кеше 2 адам осы менингит күдігімен түсті. Алматыда 1 бүлдүршін ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Диагнозы анықталып жатыр», – деді Біртанов.
Сондай-ақ министр менингогокк инфекциясынан дәл қазір 11 адамның емделіп жатқанын айтты. Ал жалпы, менингит жұқтырғандардың саны 60-қа жуықтаған екен. «Жағдай әзірге тұрақты» деп сөзін тәмәмдады ол.
Айта кетейік, өткен айда, айналасы бірнеше күн ішінде менингит дертінен 13 адам көз жұмды.
Дереккөз: Sputniknews.kz