Қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитов армениялық Давид Хачатрянмен жекпе-жек өткізбек деп хабарлайды Vesti.kz.
Мұның алдында Хачатрян Instagram желісі арқылы қазақстандық файтерге сын айтқан болатын. "Қуат, жылқыңды же де, сөйлей бермей тыныш отыр!" - деген еді ол Хамитовке.
Бұл арқылы ол Хамиовтың ирландиялық Питер Куилли мен армениялық арасындағы жекпе-жектің мерзімінен бұрын аяқталатынына қатысты болжамына жауап берген. Бұл кездесуде Хачатрян нокаутпен ұтылған еді. Осыдан кейін қазақстандық ирландиялықты мақтаған. Питер Куилли отандасы Конор МакГргеордың спарринг серіктесі ретінде белгілі.
Хамитов Fight Nights Global промоушнынен Хачатрянмен кездесу ұйымдастырып беруді сұрады.
"Fight Nights, осы жекпе-жекті ұйымдастырып беріңдерші", - деп жазыпты Хамитов Instagram желісіндегі парақшасына және армениялық файтер мен өз суретін қоса жүктеген.
Хамитов 2017 жылы Алматыда өткен Fight Nights 80 турнирінің басты жекпе-жегінде Куиллимен жұдырықтасқан болатын. Қазақстандық файтер төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен, алайда, кейін Ресейдің ММА федерациясы жекпе-жек тең аяқталды деген шешім шығарды.