Тараздық келіншек Қырғызстанда құлдықта жүрген әйелдің хатын жариялап, көмек сұрады деп хабарлайды NewTimes.kz.
«Қайырлы кеш, достар. Бүгін 10 маусым, 2018 жыл. Мынау менің қызымның шалбарының белі. Мұнда «Құтқарыңдар! Мен Лебединовка ауылында құлдықтамын» деп жаздыған», – деп көптен көмек сұрады тараздық келіншек.
Видеода әйел адам бұл жазуды қалай тауып алғанын да көрсетеді.
Лебединовка ауылы Таразға жақын жерде орналасқан. Қырғызстандағы Шу облысының Аламудун ауданына қарасты ауыл.
Мәселенің мән-жайын анықтау үшін басылым құқық қорғау органдарына сұрау жіберген.