$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда Ұлттық домбыра күні пайда болды

Енді әр жылы шілде айының бірінші жексенбісінде қазақстандықтар Ұлттық домбыра күнін атап өтетін болады. Мұндай қаулыға бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды деп жазады Ақорданың ресми сайты.

Қаулының толық мәтіні төмендегідей:

Қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып айқындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті                                                                             Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 12 маусым

№ 699

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары