$ 494.87  520.65  4.91

Қызылордада емхана ғимараты қоқыс алаңына айналған (ФОТО)

Қызылордада он бес жылдан бері қаңырап бос қалған емхана ғимараты бүгінде қоқыс алаңына айналған. Бұл туралы қала тұрғыны Facebook әлеуметтік желісінде жазды.

Айтуынша, күндізгі «Ем қабылдау» мекемесінің қаңырап бос тұрғанына он бес жылдан астам уақыт өтіпті. Әлі күнге дейін жергілікті билік иесіз қалған аймақты өз қарауына алмаған. Сол себептен бұрынғы емхана алаңы қазір қоқысқа толып, қаңғыбастарға пана болыпты.

«Бұл Қызылорда қаласында Бейбітшілік көшесінде орналасқан бұрынғы күндізгі «Ем қабылдау» мекемесі, қазіргі тастанды ғимарат. Бұл ғимарат тұрғылықты үйі жоқ адамдарға пана, балаларға ойын орны, сондай-ақ қоқыс тастайтын алаңға айналды. Бұл ғимараттың қараусыз тұрғанына он бес жылдан астам уақыт болды. Осыған жауапты құзырлы органдар көңіл бөліп, тиісті шараларды қолданса екен», – деп жазады қала тұрғыны. 

Ол қаңырап қалған бұл мекемеге жергілікті билік назар аудармаса, онда осыған жауапты құзырлы органдардың қандай да бір шара қолдануын сұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары