15.06.2018, 11:11

Жолаушы «SCAT» әуекомпаниясы ұшағының босап қалған терезелерін көріп шошыды (ВИДЕО)

Астана-Тараз бағытына «SCAT» әуекомпаниясымен ұшқан жолаушы ұшақтың босап қалған ішкі терезелерін көріп шошыды. Осынау видеоны ол Instagram әлеуметтік желісіне жүктеген.

Айтуынша, ұшақ әуеде 2:30 сағат бойы ұшқан. Жерге қонғанша жанын шүберекке түйіп отырыпты. Видеода ұшақтың ішкі терезесінің бос, әрі ескіріп кеткені көрсетілген. «SCAT» әуекомпаниясы. Астана-Тараз бағыты. Сөзім жоқ, мына тесік ұшақта 2:30 сағат ұштық. Жерге қонғанша жол бойы барлығымыз сыйынып келдік. Мұндай ұшақтарды қалай ғана рейске жіберуге болады? Барлық жері лас, жағымсыз иіс те шығады», – деп жазады автор. Айта кетсек, бұған дейін де «SCAT» әуекомпаниясына жолаушылардан осыған ұқсас және ұшақтың үнемі кешігіп ұшатыны туралы шағымдар түсіп келген.