Маңғыстау облысында жас жігіт жеткіншек қызды үйлену үшін алып қашып кеткен деп жазады Tumba.kz.
Шетпе ауылының 21 жастағы тұрғыны әлі 16-ға толмаған ауылдасына үйленбек болыпты. Қызды алып қалғысы келсе керек, ол жеткіншекпен жыныстық қатынасқа түскен. Қазір полиция қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті.
"Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 1 тармағымен іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тексеру жұмыстары жүріп жатыр", - дейді Маңғыстау облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.