$ 494.87  520.65  4.91

"Орыстың жігіттері жақсы" – алматылық екі жезөкшенің әңгімесі

Таксист болсаң осы. Күніне көлігіңе неше-түрлі адам мінеді. Неше-түрлі мінезді көресің. Өзің ашық, сөзге үйір болсаң, түрлі тағдырмен танысасың. Мен де сол Алматының көшелерінен нәпақамды айырып жүрген көп таксистің бірімін деп жазады 365info.kz.

Күніне көлігіңе неше-түрлі адам мінеді демекші, кеше кешкілік қол көтерген екі қызды алдым. Олардың түрлеріне, киім киісіне, сөздеріне қарап-ақ кім екендерін танып қойдым. «Әй осылар тегін қыздар емес-ау» деп ойладым. Өйткені бірі бұтына тылтитып шорты кисе, екіншісі көтін ғана жауып тұрған юбка киіпті. Сандары жарқырап адамның делебесін қоздырады. Екеуі де көрікті, сымбатты қыздар. «Қазақтың қыздары осындай құлын мүшелі, сұлу» деп кез-келген шетелдікке ұялмай көрсетуге болатындай.

Бірақ… Ойым расқа шықты. Көлікке отырып, барар жерлерін айтқан соң тартып кеткенмін. «Сіз таксовайт етесіз бе?» деді әлгі қыздың бірі. «Иә» дедім. «Онда бізді екі сағаттан соң кері алып кетесіз бе, тіпті кешігіп айтқан уақытта шықпай жатсақ, телефон шаламыз, номеріңізді тастап кетіңіз», деді.

«Қонаққа бара жатырсыңдар ма?», деп едім, «Қонаққа деу артық шығар. Клиенттерді обслуживат етуге бара жатырмыз. «По вызову» жұмыс істейміз» деп, екінші қыз шындықты жасырмай айтып салды.

Баратын жерімізге біраз бар, уақыт өтсін деп әлгі екі қызды өздерінің жұмысы жайлы әңгімеге тарттым. «Бұндай жолға қалай, неге түстіңдер?» деген алғашқы сауалыма, темекі тартып отырған ойнақы көзді сұлу қыз: «оқуды бітіре салып, мамандық бойынша жұмыс істеп көрдім. Тапқаным өмір сүруге жетпеді. Қыз болған соң, киіну керек, бояну керек, жүру керек, ішу керек деген сияқты…

Ақша көп керек. Амалсыз ол жұмысты тастап басқа жұмысқа кірдім. Онда да табыс аз болды. Ұжымның бастығы еркек еді. Қылмыңдап қоймады. Әйелі болып тұрса да, «ойнасым бол. Бөлім басшысы етемін, ақшаңды көбейтемін» деп оңашада үздігетін. «Нем кетіп бара жатыр? Болсам болайын» деп шешіп, айтқанына көндім.

Бір ай емес, бірнеше айт өтті. Не ақшамды көбейтпеді, не бөлім басшысы етпеді. Тек қойнына алып, жатқанда ғана уәдені үйіп төгеді. Бірде ауылдағы әкем ауырып жатыр деген соң, дәрі-дәрмегіне көмек болсын, ақша салайын деп әлгіден «мынша ақша керек» десем, қайдан табамын менде ондай қаржы жоқ» деп қарап тұр. Жыным келіп: «көт керек кезде» уәде бересіз, ал мен сұраған кезде дым бірмейсіз, енді маған жоламаңыз» деп айтып тастағанмын.

Содан кейін арамыз бұзылды. Қызылкөз пәле екен. Артыма түсіп алды. Жалынып алдына барып, қойнына құлаған жоқпын. Басымды тік көтеріп арызымды жаздым да жұмыстан шығып кете бардым.

Сөйтіп жүргенде мына сыныптасым Сағираны кездестіріп қалдым. Қалтасы толы мыс-мыс ақша. «Қайдан тауып жүрсің?» десем, осындай жолмен тауып жүр екен. «Ештеңең кетпейді. Екі-үш жылда үй де, көлік те алып аласың. Қор жинайсың. Содан кейін бір жігітті ұстап алып, байға шығып кетесің. Менде сондай жоспар бар» деген соң, амалсыз Сағираның соңынан ердім. Өйткені біреудің көңілдесі болып, тегін қызмет еткенше, «сұлулығымды, сымбаттылығымды пайдаланып жағдайымды жасап алмаймын ба» деп шештім. Сағира Шымқалада біраз «жұмыс» істеген екен. бірақ Алматыда «клиент көп, ақшаны жақсы төлейді» деген соң осында келіпті. Сонымен бастап кеттік. Жаман емес. Бір жыл болды. Қазір ешкімнен қарыз сұрамаймын. Қайта өзім беремін. Елдегі әке-шешеме де ақшамен қарайласып тұрамын» деді.

«Ақшаға қыз шақыратын клиент көп пе?» деп едім, «ой Алматы үлкен қала ғой. Шетелдіктер көп. Олар ашқаны жақсы төлейді. Ең бастысы сұлу болсаң, төсектегі тәжірибең мықты болса болды. Ренжімеңіз, Құдай атқан өзіміздің қазақ клиенттер ғой. Шақырып алып, істерін істеген соң, «неге мұндай жолға түстің. Ұят емес пе? Ертең аға-бауырың кездесіп қалса не істейсің?» деген сияқты былшыл әңгіме айтады. Тіпті жасарын жасап алып, ақшаны бермей қоятындар, саунаға шақырып алып, «груповойға» салып жіберіп, өздері ішіп алып, морал оқып, ұратындар да бар.

Сондықтан қазақтар шақырса бармайтын болдым. Шетелдіктер жақсы. Соның ішінде орыс жігіттерін жақсы көремін. Өздері бойшаң, денелі әппақ сұлу ғой. Қазақтың жігіттері секілді шілтиген емес, бура санды, қуатты келеді. Құшағында жата бергің келеді. Өздері тәртіпті. Қанша ақшаға келістің, соны береді. Тіпті артық ұстатып жіберетіндері де бар. Сыра, коньяк, вискимен сыйлайды. Тіпті төсектен кейін ресторан, кафеге ертіп барып, кәдімгі танысы, подружкасы секілді әңгіме айтып отырады.

Ал біздің қазақтың жігіттерінің тірлігі басқа. Бәрін тегін жасағысы келеді. Пайдаланғысы келеді. Өте сараң.

Қазір де жақсы араласып кеткен, орыс жігіт шақырып жатыр. Ресейден достары келген екен. Бірге болайық, демалайық, ренжітпеймін деген соң, мына Сағриа екеуіміз соған бара жатырмыз» деді, әлгі темекі тартып отырған қыз.

«Қазақ жігіттері нашар» дегенге намыстанып қалғанмын. Бірақ үндемедім. Өйткені бір қыз қазақ жігіті жаман дегенге қазақтың бар жігіті жаман болмасы анық. Ішімнен «құралайдай сұлу мына екі қазақтың қызы қазір барып, орыс жігіттерінің қойнында ақ тер, көк тер болып, ыңырсып жатады-ау», деп ойлағаным сол еді, жаман болып кеттім. Көлігімді тоқтатып, «ақшаға арын сатқан, онымен қоймай қазақты жамандаған жәлептер, түсіңдер машинадан» деп айқайлай жаздадым.
Бірақ өзімді өзім ұстадым. «Шындығында қазақтың намысын тек бұл қыздар ғана таптап жатқан жоқ, кез-келген жерде қазақтың намысы тапталып жатыр емес пе?» деген екінші бір ой келді.

Қыздарды жеткізіп тастап, келіскен ақшаны алдым да, «қыздар, қайтарда маған звондамай-ақ қойыңдар. Басқалар жеткізіп тастар», дедім де жөніме кете бардым.

Оларға басқа не деймін?

Жұмахан таксист

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары