Филиппинде әйел өзінің екі айлық баласын өлтіру үшін молаға тастап кеткен. Перзенттің шыңғырып жылаған дауысын естіген тұрғындар оны құтқарып қалды деп жазады Life.ru.
Британдық Daily Mail басылымының мәліметінше, Филиппинде Кесон провинциясындағы бейітке баласын қалдырып кеткен Лара Сентильяс оны түннен аман қалмайды деп ойлаған. Алайда, таңертеңгісін сәбидің жылаған дауысын естіген сол аймақтың тұрғындары шақалақты аман алып қалды.
Жергілікті тұрғындар сәбиді періштесі бар дейді. Өйткені түнімен бейітте жатқан балаға аң-құс та тимеген. Артынша сәби ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің тексеруінен өткізілді.
Ал, безбүйрек ананы полиция қызметкерлері көп кешікпей тауып алған. Баласынан бас тартқаны үшін қалған күнін енді ол түрмеде өткізуі мүмкін.