15.07.2015, 18:00

180 миллион теңге дәретханаға кетеді

www.nur.kz

Астана қаласында қоғамдық дәретханалар орнатылатын болады. Оның жалпы бюджеті 180 миллион теңгені құрайтын болады деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының айтуынша, бұл қаражат жергілікті бюджеттен бөлінген. Барлық ақша еуропалық үлгідегі автоматтандырылған модульдік дәретханаларды орнатуға жұмсалмақ.

Бүгінде қаланың әр жерінде 6 дәретхана орналастырылған. Бірақ, әзірге қолданысқа берілмеген. Енді кабинкалар орнатылуы тиіс. 30 тамызға дейін жалпы қалалық аумақтарда, саябақтар аумағында осындай 9 дәретхана орналастырылатын болады.

Олар мына жерлерде:

Есіл өзенінің бойында, Желтоқсан көшесінде;

Кенесары хан ескерткішінің жанында;

«Атамекен» гүлзары жанында;

Тұран даңғылы жағынан қалалық саябақта;

«Бәйтерек» монументі жанынан;

«Ғашықтар» саябағында;

«Арай» саябағында;

«Жастар» сарайы алдындағы гүлзардың жанында;

«Студенттер» саябағында;

«Жерұйық» саябағында;

«Отан қорғаушылар» саябағында;

Бейбітшілік және келісім сарайы алдындағы тұрақтың жанында;

Және тағы үш дәретхана «Сарыарқа» ауданы мен «Есіл» өзенінің жағасында орналасатын болады.

Дәретхананы пайдалану құны — 100 теңге.