$ 494.87  520.65  4.91

Енесі үйінен қуып шыққан: Жас келін пойыз астына түсіп өлді

16 маусымда Өзбекстанның Ферғана облысы Өзбекстан ауданында 20 жастағы келін пойыз астына түсіп өлді. Марқұмның көршілерінің айтуынша, отасқанына алты ай болған жас келінді енесі үйден қуып шыққан.

Ферғана облысы Өзбекстан ауданына қарасты Дехканабад ауылында тұратын 20 жастағы Рузихон Эргашева 16 маусымла «Әндіжан – Бұхара» бағытындағы жүрдек пойыздың астына басылып өлді.

Куәгерлердің айтуынша, пойыз әйелді бөлшектеп өткен. Эргашева биыл қаңтар айында сүйгеніне тұрмысқа шыққан. Рузихон айт мерекесінен соң енесімен ұрсып қалған. Оны енесі қуып шыққан болуы керек, дейді марқұмның көршілері.

«Айт мерекесінде Рузихонның анасы қызына қонаққа келген. Ол кеткен соң келіннің енесі шу шығарған. Оған құдағидың әкелген сыйлықтары ұнамай қалған. Қыз өз сүйгеніне қосылған соң, үйіне қайтып баруға ұялған болуы керек», - деді марқұмның көршілерінің бірі.

Дегенмен Рузихон Эргашеваның 25 жастағы күйеуі Икболжон Эргашев бұл айыптауларды жоққа шығарып отыр.

«Қайғылы оқиға болған күні таңертең Рузихон түсік тастады. Одан соң анам екеуміз оны перзентханаға апардық. Әлі балалы болатынын айтып, Рузихонды жұбаттық. Одан соң ол анасының үйіне баратынын айтты. Кешкі қайғылы хабарды естідік. Біздің үйде ешқашан ұрыс болған емес», - деді марқұмның күйеуі.

Дереккөз: Centralasian.org 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары