$ 494.87  520.65  4.91

«Аяқ-қолымды байлап...»: Күйеуі бар келіншек зорланғанын айтып кеңес сұрады

Өшпенділік маза бермесе не істеуге болады? Осындай сауал жолдаған хат иесі бізден кеңес сұрайды.

«Менің атым Жанна. Күйеуге тигеніме 11 жыл болды. Екі баламыз бар. Күйеуімнің достары көп. Көбіне біздің үйде жиналады. Әйелдердің ішінде мен ғана шығармын, дастарқанымды жайып, көңілімнің көсіліп түсетіні. Бір мейрамда ішіс болды. Түн ортасында көбісі тарқап, үстел басында үш дос қалды. Менің күйеуімді біреуі сыртқа алып шықты. Арақ іздеп кеткен. Дүкендердің барлығы жабық. Соған қарағанда такси ұстап орталыққа кеткен секілді. Жоқ екеуі. Мен жатып қалдым. Дүрілдеген еркектердің ортасында нем бар?

Бір уақытта аяғымнан сұп-суық қол шап берді. Мен ыршып түсіп, балаларымның бөлмесіне қарай тұра жүгірдім. Бірақ жете алмай, құладым. Есімнен танып қаппын.

Қарасам аяқ-қолым байлаулы, іш киімімді шешіп ана еркек үстіме мініп алыпты. Бірдеме дейін десем, аузымда шүберек. Ентігіп келіп үстіме, тоңқылдатып, жасарын жасады да босатып жіберді.

Ештеңе істей алмадым. Тұншығып, бөлмеге келіп, көрпе астына кіріп жыладым.  Күйеуім есін жиям дегенше 2-3 күн өтті. Әлгі сол кеткеннен мол кетті. Қарасын көрсетпеді. Мен соған малдандым. Басында қуыстанып, қылмыс жасап қойғандай күйеуімнен қорқып жүрдім. Артынан әлгі зорлаған досын жек көре бастадым.

Үйге келеді, бірақ ішке кіруге батпайды. Мен бірдеме деп қоя ма деп қорқатын секілді. Ал оны көрсем жынды көргендей қаным қараяды.

Көзімді жұмсам, аяқ-қолымды байлап, мені төңкеріп тоңқылдатып жатқан оны көрем.

Аяғында ішке түскен осы дерт үлкен жараға айналды. Жатсам-тұрсам күйеуімнің сол досымнан кегімді қайтарсам деймін. Бірақ қалай? Білмеймін. Мұндайда не істеуге болады? Миым ауырып кетті өзі…

Дереккөз: 365info.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары