#төтенше жағдай #тарих #Президент #Астана #спорт #Алматы #шоу-бизнес #Оқу-ағарту министрлігі #Бас прокуратура #білім беру #Ғани Бейсембаев #ас беру #Рахат Тұрлыханов #комикс #комикстер #Нұрәлі Әлиев #мойын тастар #қой #Майқайың #Смағұл Елубай #Нағима Есқалиева #Тина Канделаки #Елнұр Бейсенбаев #шугаринг #Санжар Тәшкенбай #Странджа Кубогы #қылыш #Қылыш #Қатар мемлекеті #Олжас Бектенов #Жайлы мектеп #ұлттық жоба #сапалы білім #сайттар #есту #көру #Ермұрат Бапи #әкелер #отағасы #Асқар Жұмабеков #хат #ману #сабаншы мысығы #паллас мысығы #манул #криптовалюта #Қазақтан шыққан тұңғыш режиссер қыз #алқабилер #Дала қырандары #жасанды интеллект #суперкомпьютер #жедел желі #зардап шеккендер #залал #Ұлттық гидрогеологиялық #«Қазгидрогеология» #Сырым Әуезхан #Салтанат Нүкенова #Бақытжан Байжанов #чемодан #кірпі #үш жігіт #тоқалдарға арналған чемодан #қазақ жігіт #Күләш Байсейітова #бухгалтер #есепші #Қазақстандық файтер #UFC #ChatGPT #Жаслан Мәдиев #тозақ #Аманжол Рысмендиев #әйгерім есенәлі
$ 479.38  531.63  5.27

«Қытай есін жинап қашып кетіпті»: Қазақ жігіттері қытайға тұрмысқа шықпақ болған қыздың тойын болдырмай тастады (ВИДЕО)

Алматы облысындағы Талғар қаласының қызы Қытай азаматына тұрмысқа шықпайтын секілді. Себебі қазақ жігіттері олардың үйленуіне бөгет жасап, тойды болдырмай тастаған. Үйленуге кедергі келтіргендердің видеосын куәгерлердің бірі әлеуметтік желілерге жүктеді.

Той болады деген күні Талғарға Қазақстанның түкпір-түкпірінен жігіттер келіп жетіпті. Полиция қызметкерлері болса мейрамхана алдын таңнан кешке дейін күзеткен. Алайда ол күні той болмаған, оған шақырылған қонақтар да келмеген.

Видеодағы ер азаматтың айтуынша, тойды болдырмау үшін мыңнан аса қазақ жігіті жиналған екен. Ал осыны естіген бойда, қытай азаматы сол күні-ақ ауылдан қашып кетіпті.

«Қазақ жігіттері келіп жатыр. Той болмайтын болыпты. Қытай есін жинап қашып кеткен екен. Ақшасын қайтарып беріпті. Бүгін Талғардың өзінен 1000 жігіт шығыпты. Ал біз Шымкенттен келдік», – дейді видеодағы ер азамат.

Еске салсақ, осыдан бірнеше күн бұрын желі қолданушысы қазақ қызының қытай азаматына тұрмысқа шыққалы жатқаны туралы жазып, тіпті тойға шақыру билетіне дейін көрсеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары