Қоғам 23.06.2018 сағат 09:44

"Қазір үйленетін қыздардың 90 пайызы "қыз" емес": Қазақстандық жігіттер өзіне жар таңдауда көбіне неге мән береді?

Қазақстандық жігіттер өздеріне жар таңдауда көбінесе не мәселеге мән береді? Олар үшін қыздың пәк болуы, ажарлы, сымбатты, бойшаң, бай отбасынан шығуы маңызды ма? Осы жайында Newtimes.kz қазақстандық жігіттердің арасында сауалнама жүргізіп көрді.

Сауалнама барысында жігіттер өздеріне қандай қыздар ұнайтынын ашық айтты. Көпшілігі қыздың пәктігіне аса мән бермейтін болып шықты. Жар таңдауда бірінші әдемілігіне қарайды екен. Сонымен бірге, қыздың әзілге жақын, мінезінің ашық болғаны маңызды дейді. Жігіттеріміз қызбен танысқанда оның материалдық жағдайына да аса көңіл бөлмейтіндерін жеткізді.

Арсен 26 жаста: "Мен үшін қыздың фигурасы маңызды. Оның пәк, таза болғаны дұрыс деп ойлаймын. Бірақ 25-26 жастағы қыздардың пәктігін сақтап қалуы екіталай. Өйткені бұл жаста жыныстық қатынасқа түспеуі мүмкін емес. Одан басқа мен қыздардың байлығына ешуақытта қараған емеспін".

Нұрлан 26 жаста: "Біз 21 ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Қазіргі кезде қыздардың 90 пайызы "қыз" емес. Сол үшін қыздың пәк болуы мен үшін міндетті емес. Тек үйленетін қызымның дене бітімі кішкентай, яғни, қуыршақ сияқты болса деймін. Сонымен қатар, қыздың материалдық жағдайына қарамаймын. Мен өзім бәріне қол жеткізе аламын".

Қайырбек 27 жаста: "Қыздың пәктігіне ешуақытта мән беріп қараған емеспін. Бірақ 20 жаста болып алып, пәктігінен айрылған болса, онда ойлануға тура келеді. Ал 25-тен асқан қыздардың жыныстық қатынаста болғандарын дұрыс деп есептеймін. Қыз бен жігіт сексуалдық жағынан бір-біріне сәйкес болуы керек. Сонда ғана еркек әйелінің көзіне шөп салмайды. Үйленетін қызымның материалдық жағдайына қарамаймын, бірақ молшылықта өскен болса екен деймін. Өйткені маған кедей отбасынан шыққан қыз керек емес".

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар