Танымал актер, «Түнгі студия» бағдарламасының жүргізушісі Қайрат Әділгерей «шала қазақша» сөйлеп, жұрттың күлкісіне қалған мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсованы келемеждеп, пародия жасады.
Желі қолданушылары депутатқа пародияның сәтті шыққанын айтып жатыр. Олар «Күлдіріп отырып, жылататын видео екен» деген сарындағы пікірлер жазуда. Еске салсақ, Гүлжан Қарағұсова осыдан бірнеше күн бұрын 1-сынып оқушыларының үш тілде білім алуына қатысты пікірін қазақ тілінде білдіремін деп, көпшіліктің алдында ұятқа қалған болатын.