$ 449.58  486.94  4.86

«Тоқал болып, балаларының көз жасын көргім келеді»: Зорланған қыз еркектерден өш алғысы келіп жүр

Бұрын ойлайтынмын, қыздар неге жеңіл жүріске салынады? Өмірдің мәні тек ақша деп ойлайтындарға ренжіп, өзімше ақыл айтып жүретінмін. Менің көз -қарасымды өзгерткен, сол күнгі оқиға. Сабақтан кеш шықтым. Қыстың күні болғасын, дала қараңғы болып кеткен. Баратын жерім, қаланың маңайындағы ауыл болғанымен, такси ұстауыма тура келді. Бар ойым, үйге тезірек жетіп, ертең универде болатын іс-шараға дайындалу.

Қасыма тоқтай қалған жеңіл көлікке, асығып-үсігіп отырып жатып, селк ете қалдым. Шофердің түсі сұп-суық, иықты орта жастағы кісі екен. Неге екенін білмеймін, отырған бойда түсіріп кетіңізші дедім. Біртүрлі  сезіммен. Артына бұрылып қараған таксист:

– Не болды? Қайда барасың?, - деп гүж ете қалды.

Баратын жерімді айттым. Бірақ, ол кісі үндемеді. Содан қаладан шығып сырғи жөнелген көліктің ішінде, бұйығып қалғып кетіппін. Көзімді ашсам, қазір үйге жетемін деген ойда отырған мен, айдалада жүйткіп бара жатқанымызды көрдім.Ұйқым шайдай ашылды.

– Аға, қайда барасыз?, - дедім үрейлене.

– Үйіңе апарамын, -деді самарқау.

Жоқ, қаладан шығып айдалаға барасыз. Мен үйімнің тұсынан мана өтіп кеткенмін. Полиция шақырамын деп жалма -жан телефоныма жармасып жатыр едім, бір қолымен қағып жіберіп телефоным ұшып кетті.

Көлігін тоқтатып келді де, аузымды алақанымен басып, өзінің білгенін жасай бастады. Алысып-жұлысып әбден діңкем құрыды.

Сол күнен кейін өмірім күрт өзгерді. Еркектерді жек көріп кеттім. Полицияға шағымдануға намыстандым. Ертең елдің өсегінен қорықтым. Ешкімге ештеңе айта алмай шерменде күй кешіп, өзімнен-өзім тұйықталып кеттім.

Енді сол еркектерге деген жек көру сезім, кекке ұласып барады.Тоқал болып тиіп алып, мен де олардың бала -шағасының қиналғанын көрсем, кеудемегі  кек оты сөніп, қалыпты адам болар ма едім. Енді,маған бәрі-бір, біреудің қуанышы, қайғысы түк қызықтырмайды…

Дереккөз:  el24kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары