$ 444.22  476.38  4.82

Атырауда қызды болғанына қуанған әке келіншегін перзентханадан «Камаз» жүк көлігімен шығарып алды (ВИДЕО)

Атырауда қызды болғанына қуанған әке келіншегін перзентханадан «Камаз» жүк көлігімен шығарып алған. Бұл қуанышты сәтті жол бойында өтіп бара жатқан көлік жүргізушісі телефон камерасына түсіріп алыпты.

Перзентханаға оншақты «Камаз» жүк көлігі келген. Әрқайсысына неше түрлі түстегі шарлар ілініп, безендірілген.

Бірінен соң бірі ілескен жүк көліктері жол бойында көшені шулатып, көпшіліктің назарын өздеріне аудартты.

Видео авторының айтуынша, қызды болғанына қуанған әке перзентханаға «Камаз» жүк көлігімен келіп, келіншегін осылайша таң қалдырайын деген екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары