Атышулы тележұлдыз Замира Сұлтан қалталы азаматқа тұрмысқа шықпақшы. Өзіне күйеу іздеген ол қазір «Танысу» агенттіктерінің біріне барып жүр екен.
«Бұл жерге бір жылдың ішінде бірінші рет келіп отырмын. Өте қатты ұнады. Жүрген бір пиарщиктер сияқты, балалар емес. Жасы үлкен, 30-дан асқан жігіттер келді. Қалталы, анау-мынау емес жігіттер екен», – деген Замира сол агенттіктің директоры Әсемге алғысын жаудырады.
Егер сол қалталы азаматтардың бірінен өзіне үйленуге ұсыныс түсіп жатса, онда тойға да шақыратынын айтты.
Айта кетсек, Замира Сұлтан көпшілікке «Қалаулым» бағдарламасы арқылы таныс. Ол экран алдында бейәдеп сөздер қолданып, қазақ қызына тән емес қылықтар көрсетемін деп жұрттың ашуына тиген болатын.