$ 494.87  520.65  4.91

Отбасын тастап, әйелді ұрмасақ қыздарымыз басқа ұлтқа тұрмысқа шықпас еді – қазақ жігіті (ВИДЕО)

Соңғы кездері қазақ қыздарының қытайлықтарға тұрмысқа шығуы қоғамда кәдімгідей резонанс тудырып жатыр. Әсіресе, ер азаматтар қазакөз қыздардың өзге ұлт өкілінің етегінен ұстауына түбегейлі қарсы.

Дегенмен бүгін әлеуметтік желіде бейтаныс қазақ жігітінің өзіндік пікірі айтылған видео таралды. Онда ер адам кінәні қыздардан емес, өзімізден іздейік деп жар салып отыр.

"Неге екені белгісіз, қытайға шыққан қазақ қыздарын көп айтып кеттіңіздер ғой. Бұған дейін де аруларымыз араб, орыс, басқа да ұлт өкілдеріне шығып келген. Иә, мен де қарсымын. Бірақ, біз отбасымызды тастап, бала-шағамызды асырай алмай, әйелдердің мойнына отырып алып, оларды ұрып жүре берсек солай болады. Егер біз қызды сыйлап, алақанда ұстасақ, олар бізбен мақтанар еді. Басқа жаққа кетпес еді. Сондықтан өзімізден бастайық, жігіттер!", - деп пікір білдірді ол.
 
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде қытайлыққа тұрмысқа шыққан қыздың фотосы мен видеосы тарап, жұртты шулатқан болатын.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары