$ 445.66  474.58  4.78

Астанада автобус бағыттары тағы да өзгерді

Астана қаласы Жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, жол жөндеу жұмыстарына байланысты Жангельдин және Бейбітшілік көшелерінің қиылысы жабылды, деп хабарлайды astana.kz.

Жол жөндеу жұмыстары аясында аталмыш жолдар аумағында су құбырларын, жылу трассасын тарту және жауын-шашынға, тұрмыстық мақсаттарға арналған кәріздерді орнату бойынша жұмыстар атқарылуда.


Сонымен қатар жол қозғалысы шектелген аймақта абаттандыру жұмыстары да қолға алынбақ.

Басқарманың мәліметіне сүйенсек, Жангельдин-Бейбітшілік көшелеріндегі жөндеу жұмыстары 1 қыркүйек күні аяқталмақ.

Осыған байланысты №9, 10, 23, 33 автобустарының қозғалыс кестесіне өзгертулер енгізілді. Аталмыш бағытта жүретін қоғамдық көліктер Бөгенбай батыр даңғылы арқылы жүретін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары