$ 494.87  520.65  4.91

Астанадағы автобус апатынан зардап шеккендерге өтемақы төленеді

Елордадағы Қонаев көшесінде орын алған жол-көлік апатынан зардап шеккен №10 автобус жолаушыларының барлығына өтемақы төленеді, деп хабарлайды Skifnews.kz  

Бұл туралы бүгін №1 автобус паркі басшысының міндетін атқарушы Сәбит Болатов айтты.

«Жағдайға байланысты сома әр түрлі болады», - деді С.Болатов. Ал өтемақыны сақтандыру компаниялары төлейді. Сондай-ақ ол жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу амалдарын Астана қаласының ІІД қызметкерлері жүргізіп жатқанын айтты.

«Жүргізуші өте тәжірибелі. Ондаған жылдар бойы көлік жүргізіп келеді. Сонымен қатар, ол  Iveco автобустары сатылып алынғанда келісім бойынша Францияда арнайы оқудан өткен.  Бұл оның үздік жүргізушілердің бірі екенін көрсетеді. Жұмысқа шығар алдында жүргізуші үш күн - бейсенбі, жұма, сенбі күндері демалған.  Жолға шығар алдында медициналық тексерістен өтті. Яғни, апаттың орын алуына еш негіз болмаған, - дейді С.Болатов.

Ресми деректерге сәйкес көлік оқиғасынан 21 адам жапа шекті. Бүгін, таңғы сағат 10-да олардың 16-сы ауруханадан шығарылғанын, бесеуі ауруханада жатқанын анықталды. Жапа шеккендердің ішінде 2006 жылы туған бала болды. Алайда оның өміріне еш қауіп төнбегендіктен, дәрігерлер үйіне қайтарып жіберген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары