$ 494.87  520.65  4.91

«Адам қағып өлтірген әкім орынбасары 1 жылға сотталды»: Айжан Байзақова Қазақстанда әділдік жоқ екенін айтып отыр

Атышулы блогер Айжан Байзақова Қазақстанда әділдік жоқ екенін айтып, соттың шешіміне күлді. Айтуынша, өзін бір кездері сот кішігірім бұзақылығы үшін айыппұл төлетпестен қамауға отырғызған.

«Ақмола облысының бір жерінде бұрынғы әкім жеткіншекті ұрғаны үшін 36 мың теңге айыппұл төлеп қамаудан құтылды. Ал әкімнің орынбасары рөлге мас күйінде отырып, адам қаққаны үшін бір жылға ғана сотталды. Шынымды айтсам, мен де жасаған әрекетім үшін 15 мың теңге айыппұл төлегім-ақ келген. Бірақ маған рұқсат бермеді. Судьяның сол кездегі түріне қарасаңыз, құдды бір қауіпті қылмыскерді соттағандай әсер қалдырады. «Бұл ЗАҢ. Былапыт сөздер айтып, бұзақылық жасағаның үшін қамауға алынасың» деп айтқан еді. Міне, нағыз сайқымазақ!», – деп заңды кекетіп жазды Байзақова өз Instagram-парақшасында.

Еске салсақ, былтыр желтоқсан айында Айжан Байзақова 3 тәулікке қамалған болатын. Оған әлеуметтік желіде балағат сөздер айтып, алкогольді және темекіні жарнамалады деген айып тағылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары