Астаналық ару өзінің пәктігін бизнесменге сыйлағаны үшін одан 10 мың доллар алған деп жазады «NewTimes.kz».
21 жастағы Дания есімді бойжеткен Астанадағы жоғарғы оқу орнының бірінде білім алады. Арасында модель болып жұмыс істейді екен. Ол белгілі бизнесменмен Алматыға қыдырып барғанда түнгі бардың бірінде танысқан.
«Оның әйелі, балалары бар. Ол әлеуметтік желіде көпшілікке танымал адам. Алғаш көргенімде бірден таныдым. Алматыдағы барда таныстық. Ары қарай араласып кеттік. Кездесуге шақырған сайын қымбат мейрамханаларға апаратын. Бірақ оны отбасынан айыру менің ойымда жоқ. Тек көңіл көтерсем болғаны», – дейді Дания.
Бизнесмен жігітпен бірнеше рет кездескен соң, қыз өзінің пәк екенін айтыпты. Оған қуанған ер азамат арнайы қымбат қонақүйден бөлме жалдап, Данияны ханшайымдай күткен. Сол түні бизнесменге ол пәктігін сыйға тартыпты.
Содан кейін астаналық ару бизнесменмен бірнеше рет кездескен. Одан кейін ол хабарсыз кетіпті. Алайда бірнеше күннен соң Данияның есепшотына 10 мың доллар ақша түседі. Айтуынша, бай жігіт оған «пәктігін» сыйлағаны үшін аударған.