Желіде 10 мың теңгелік купюрамен аяқ киімін сүрткен жігіттің видеосы жүр. Көпшілік теңгені аяққа таптаған жігітке ашуланды.
Бейнежаба той кезінде түсірілген. Үстелде отырған жас жігіт 10 мың теңгелікпен аяқ киімін сүртеді. Осы сәтті телефон камерасына түсіріп тұрған біреуі оның байдың баласы екенін айтқан.
Алайда, 10 мың теңгеліктің рас, әлде жасанды қағаз ақша екені белгісіз.