$ 494.87  520.65  4.91

ОҚО-да кәмелетке толмаған 350-ден аса жүкті қыз есепте тұр

Оңтүстік Қазақстанда кәмелетке толмаған 350-ден аса жүкті қыз есепте тұр. Мұндай санды ОКҚ-да өткен брифинг барысында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Бексұлтан Тұтқышев атады, - деп хабарлайды Skifnews.kz  

«Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, жасы 12-ге енді толған, бірақ 17-ге толмаған 350-ден аса жүкті қыздың есепте тұрғаны анықталды. Дәрігерлердің айтуынша, оның соңы жағымсыз әрекеттерге әкеп соғады және ол қыздар мен жаңа туылған сәбилердің денсаулығына әсер етеді», - деп келтірді әкімдіктің ведомствоаралық комиссиясы ұсынған мәліметті Тұтқышев. Ол бұл жағдайдың Оңтүстік Қазақстанға байланысты екенін айта кетті.

Оның айтуынша, мұндай жағдайға  мемлекет емес, ата-ананың жауапкершілігі басым болу керек. Мемлекет баланы өмірге келген күннен бастап тәрбиелей алмайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары