$ 494.87  520.65  4.91

"Өртейміз": Кейбір атыраулықтар Айжан Байзақованы қалай қарсы алатынын айтып шошытты

Атыраулықтар атышулы Айжан Байзақованың өз жерлеріне келуіне қарсы. Белсенділер блогер келген жағдайда оны өлім күтіп тұр деп қорқытып жатыр. Бұл туралы ақпарат Facebook әлеуметтік желісіндегі "Терең мағыналы сөздер" тобында жарияланды.

Жалғас Боранбай есімді желің қолданушысы "Жезөкше Айжан Байзақова Атырауға 27 шілде күні келді. Атырауда бұл "қаншыққа" кислота шашылады не өртеледі" деп жазып қойған. Бұл жазбаға аз ғана уақыт ішінде 100-ге жуық Like басылып, 20-дан астам пікір жазылған.

Пікір қалдырғандар арасында Боранбаймен келіспейтіндер де бар. Олардың ойынша, Байзақованың қоғамға алып бара жатқан зияны жоқ.

Айта кетейік, Айжан Байзақова былтырғы жылдың соңында қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін Алматыдағы Алмалы аудандық сотының шешімімен 3 күнге қамауға алынған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары