$ 494.87  520.65  4.91

"Қызымның жағдайына алаңдаймын": Қызылордада ҰБТ-дан аз балл жинаған оқушы күйзеліске ұшырады

ҰБТ-дан 68 балл ғана жинай алған 17 жастағы Аружан инженер болғысы келеді. Бірақ ендігіде арманынан үміт үзген қыз күйзеліске ұшырай бастапты. Бұл туралы Newtimes.kz порталына анасы Нұрсәуле айтып берді.

"Аружан менің үйдегі көмекшім. Өзінен кейінгі іні-сіңлілеріне өте қамқор. Қызым сабағын жақсы оқитын. Алайда кешегі ҰБТ-дан аз балл жинап қалды. Енді не істерімізді білмейміз", - дейді Аружанның анасы.

Отбасында алты бала. Аружан ортаншысы екен. Әкесі бірнеше жыл бұрын суға батып көз жұмған. Ал Нұрсәуле сүт безі қатерлі ісігімен ауырады. Осы күнге дейін алты баласын өзі асырап келген. Отбасы Қызылордадағы ескі үйлердің біріндегі екі бөлмелі пәтерде тұрады екен.

Анасының айтуынша, Аружан мектепте белсенді оқушылардың бірі болған. Ешкім оның төмен балл алатынын ойламапты.

"Қызымның жағдайына алаңдаймын. ҰБТ-дан аз балл жинағанын білгенде үш күн қатарынан төсектен тұрмай жатып алды. Қайта тест тапсыр десек, не оған көнбейді. Түсінемін, ол ел қатарлы жоғарғы білім алғысы келеді. Бірақ мен жалғызбасты анамын. Қызымды ақылы оқуға түсіре алмаймын", - дейді шарасыз қалған ана.

Ендігіде, Аружан мен анасы ақысыз қандай оқуға баруға болатыны жайында қазақстандықтардан көмек сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары