Алматылық суретші өз құлағын кесіп жұртты шошытты. Бұл сәт түсірілген видео әлеуметтік желіде жүр.
Видео авторының жазуынша, оқиға кеше Алматыдағы Арбат демалыс орнында болған.
Әлденеге ашуға булыққан суретші қалтасынан бәкісін шығарып, өз құлағын тіліп алған. Жан-жағындағылардың зәресін қашырған ол, бір уақытта орнынан тұрып кетіп қалады.
Суретшіні мұндай әрекетке не итермелегені белгісіз. Шошынған куәгерлер оны тек видеокамераға түсірумен шектелді.