Қызылордада ата-ана сәбилерінің есімін Нұрпрезидент деп қойды. Баланың туу туралы куәлігі түсірілген сурет әлеуметтік желіде тарап жатыр.
Нұрпрезидент осы жылдың наурыз айында дүниеге келген екен.
Бұл мәліметті Қызылорданың азаматтық жағдай актілері тіркеу бөлімінің өкілдері де растаған.
Еске салайық, елімізде ерекше есімі бар балалар саны артып келеді. Бұған дейін ата-аналар сәбилеріне Азиада, Саммита, Бәйдібекэкспо, Нұрастана секілді атауларды қойған болатын.