$ 446.49  475.38  4.79

Қырғызстанда жұмыртқаның ішінен 10 сомдық монета шықты (ВИДЕО)

Қырғызстанда жұмыртқаның ішінен 10 сомдық монета шыққан. Бұл сәт түсірілген видеоны қырғызстандық қыз әлеуметтік желіге жариялады.

Бейнежазбада ол жұмыртқаның ішінен шыққан 10 сомдық темір ақшаны көрсетіп, соңғы кезде жейтін тамаққа дейін қолдан жасалатын болып кеткенін айтады.

«Мұндай жұмыртқа Қырғызстанда ғана жасалады екен. Жұмыртқа да сатып аласың, 10 сом монетаға да ие боласың», – дейді видео авторы.

Аталмыш видеоның Қырғызстанның қай өлкесінде және қашан түсірілгені белгісіз.

Дереккөз: reporter.akipress.org

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары