Астананың 20 жылдық мерейтойына Атырау облысы сыйға тартқан су жаңа көпірге көлігімен шығып кеткен көлік жүргізушісін полицейлер ұстады деп жазады Tengrinews.kz. Аталған көпір тек жаяу жүргіншілерге арналған.
Автокөліктің адамдар арасымен жүріп бара жатқанын куәгерлер видеокамераға түсіріп, Instagram әлеуметтік желісіне жүктеген. Көліктің мемлекеттің номері Түркістан облысына (ОҚО) тиесілі.
Артынша Астана қалалық ІІД автокөлік жүргізушісін ұстап, оған хаттама толтырды. Көлік тізгінінде болған 1990 жылғы жігіт астаналықтардан кешірім сұрап отыр.
Айта кетейік, "Атырау көпірі" 1 шілде күні ресми ашылған болатын. Салтанатты рәсімге Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатысты.