Өткен жолы "Кел, келінім" бағдарламасында "жігіт үшін жан пида" деп қойдың құмалағын жеп жұртты шошытқан Перизат 1 миллион теңге үшін ғашығынан бас тартты.
Бағдарламада келін болуға үміткер Перизаттың көп уақыттан бері көңіл жарастырып жүрген сүйіктісі бар. Алайда бойжеткенге жоба тәртібі бойынша таңдау ұсынылды. Ұйымдастырушылар оған 1 миллион теңгені көрсетіп, "не жігіт не ақша" деді. Бойжеткен түк те ойланбастан ақшаны таңдады.
Көпшілік бұндай қыздардың қоғамда көп екенін жазған. Перизаттың енді қайтып махаббаттан жолы болмайтынын да айтқандар көп.