$ 443.35  475.54  4.82

Досымжан Таңатаров ұлды болды

Эстрада әншісі Досымжан Таңатаровтың жары өнер иесіне шекесі торсықтай ұл бала сыйлады. Қуанышты жаңалықты әнші өзінің желідегі парақшасында бөлісті.

"Сүйінші хабарды бөліскен ағайынға мың алғыс! Қуаныш сіздерге де жұғысты болсын. Алланың қалауымен бір ұл, екі қыздан кейін Айнұрым екеуміз тағыда ұлды болдық", - деп жазды әнші Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, Таңатаровтың үлкен қызы биыл Еуразия Ұлттық университетінің 2-курсын аяқтады. Ғылыми география факультетінде оқиды. Ұлы 14-те. Биыл Дарын мектеп-лицейінің 7-сыныбын бітірді. Қапшағайға лагерьге кетті. Қырыққа келгенде көрген Айшуақ деген кішкентай қызы да бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары