$ 494.87  520.65  4.91

Республиканың дін мамандары Алматыда бас қосты

Діни экстремизимге қарсы іс-қимыл: талдау, алдын алу, оңалту! Алматыда дәл осындай атаумен екі күнге жалғасқан республикалық семнар-тренинг өтті. Оған еліміздің барлық өңірлерінен келген теолог-ғалымдар, Дін істері жөніндегі басқармалардың басшылары мен өкілдері, осы басқармаға қарасты ұйымдар мен орталықтардық қызметкерлері, қоғам белсенділері және дін мамандары қатысты.

Жалпы, осынау семинарды өткізудегі мақсат – эктремизм және терроризммен күрес қана емес, елімізде соңғы уақытта дін саласында қабылданып жатқан заң нормалары мен өзге де құжаттарды сала мамандары арасында талқылау және түсіндіру. Сонымен қатар, дін саласындағы өзекті мəселелерді талдау, өңірлер бойынша істеліп жатқан жұмыстар бойынша тəжірибе алмасу жəне тиісті ұсыныстар беру.

Шараны Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарманың тапсырысы бойынша «Social Development Center» қоғамдық қоры ұйымдастырып отыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазақстанда соңғы жылдары дін мәселелеріне қатысты бірқатар стратегиялық және тұжырымдамалық құжаттар қабылданған. Ал, оларды жүзеге асыру аймақтардағы Дін істері басқармалары мен оларға қарасты мекемелердің және орталықтардың иығына артылған жүк. Сондықтан, дәл осындай семинарлар республика аумағында әлі бірнеше рет өтетін болады.

Ал, бүгінгі басқосуға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Берік Арын, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі секторының меңгерушісі Ғалым Шойкин, ҚР ІІМ Экстремизмге қарсы күрес басқармасының басшысы А.Арыстанов және Алматы қаласы Дін істер жөніндегі басқарма басшысы Айдар Есенбеков спикер ретінде қатысты.

Қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаевтың айтуынша, мұндай жиындарды республикалық деңгейде өткізудің маңызы өте жоғары. Өйткені, әр өңірдің мамандары экстремизммен күресті әрқалай жүргізеді. Ал, бәрінің басы бір жерде қосылса біліктілікті жетілдірудің мүмкіндігі артады.

«Елімізде дін саласына жауапты және діни экстремизммен күрес бағытында қызмет етіп келе жатқан мекемелердің басшылары және жауапты мамандарының тәжірибе алмасу үшін Алматы қаласында басқосуы маңызды оқиға деп білеміз. Осындай шараның өтуі барша қатысушылар үшін пайдалы болатыны анық. Әрбір облыстың діни жағдайы әртүрлі, өзіндік ерекшеліктері бар. Соған сай экстремизммен күрес және оңалту бойынша жинақталған тәжірибеге ие. Міне сол тәжірибені орта салып, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылса семинарымыз нәтижелі болары анық», - деді А.Қырықбаев.

Қала әкімінің осынау сөзімен вице-министр Берік Арын да келісіп отыр. Ол әр өңірдегі діни проблемаларды жеке зерттеп, әрбірімен күрес әдістерін әзірлеп шығу қажет деп есептейді.

«Бүгін мұнда Қазақстанның барлық өңірлерінен Дін істері жөніндегі басқарма, сондай-ақ Дін проблемаларын зерттеу орталық басшылары жиналды. Бүгінгі шараның мақсаты – біріншіден, бар мәселелерді талқылау. Екіншіден, әр облыста өзінің меншікті тәжірибесі бар, өзінің әзірленген әдістері бар. Біз оларды зерттеп, бөлісіп, басқа аймақтарға үздік әдістемелерді енгізу мүмкіндіктерін зерттегіміз келеді», – деп атап өтті ол.

Екі күнге созылған семинар түрлі бағдарламалардан тұрды. Алғашқы күні аймақтан келген мамандар өзара пікір алмасып, спикерлердің баяндамаларын тыңдаса, келер күні қатысушылар шеберлік сабақтарына қатысты. Мұнан кейін шара мәдени бағдарламаларға ұласты.

Жаттықтырушылар мен оқытушылар республикалық теологтар мен саясат қайраткерлері, тәжірибелі спикерлер мен ғалымдар болды, олардың арасында: философия ғылымдарының докторы, профессор – А.Г.Косиченко, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, философия докторы – Н.Л.Сейтахметова, PhD докторы, рационалистік теология саласындағы маман – Р.А.Челидзе және «Ансар» консультативті-реабилитациялық орталығының директоры – А.К.Сабдин бар.

«Мұндай конструктивтік семинарларды өткізу өте пайдалы, өйткені біз бәріміз өз өнірлерімізде басқалармен байланыспай өмір сүреміз, бірақ бүгін мұнда және қазір кімнің не істейтінін көреміз», - дейді Павлодар қаласы Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры Г.М. Раздыкова.

Республикалық семинардың екінші күні мастер-кластар мен тренингтерге толықтай арналды. Барлық қатысушыларды тіркеп, екінші күннің бағдарламасымен таныстырған соң, микрофон: «Білім» оқу-мәдени орталығының директоры – Р.С. Иржанов, «First Coach» кәсіби спикерлерді дайындау орталығының негізін қалаушы – А.Қанатов, саясаттанушы – Айдос Сарым, «Эксклюзив» журналының шолушысы, саясаттанушы – Расул Жұмалы сияқты сарапшылар қолына өтті.

Іс-шараның ресми жабылуы, семинардың екі күнін де қорытындылау мен семинарға қатысушыларға, Алматы қаласының Дін істер жөніндегі басқарма басшысы А.Р. Есенбеков сертификаттарды салтанатты тапсыру арқылы аяқталды.

Бағдарламаның соңғы бөлімінде барлық келушілер үшін Алматы қаласындағы тарих мұражайына, Д.А. Қонаев мұражайына, «Көк-төбе саябағы» ойын-сауық орталығына және биік таулы «Медеу» мұз айдынына экскурсия болды.

Осы ретте айта кету керек, Қазақстан зайырлы ел болғанымен дін саласын ешқашан үзеңгісіз қалдырған емес.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары