$ 494.87  520.65  4.91

Ғани Қасымов жалғыз немересін ұзатты

Экс-депутат Ғани Қасымов жалғыз немересін ұзатты. Ол өзінің Instagram-парақшасына ұзатылып бара жатқан қыздың суреттерін жариялап, әсерлі жазба қалдырды.

«Уақыт қалай ғана зымырап өтеді? Далида – менің немерем бой жетіпті. Мен өте бақытты атамын. Жалғыз немерем ұзатылып барады. Бұл шындық. Бақытты бол, құлыным», – деп жазды Ғани Қасымов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұл ретте, экс-депутатқа желі қолданушылары құттықтау сөз айтып, жалғыз немересіне бақыт тіледі.

Айта кетсек, Ғани Қасмовтың немересі Далида ұзату тойына қазақы нақыштағы көйлек киіпті. Оның киімі отандық белгілі дизайнер Аида Қауменованың қолынан шыққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары