Алматыда саябақты басына көтеріп айғайлаған қыз видеоға түсіп қалды. Тамағы қарлығып қалғанша ұрысқан бойжеткенді демалыс орнына келушілердің бірі телефон камерасына түсіріп алған.
Қыз саябаққа аттракционға келген болу керек. Видео авторының айтуынша, ол келушілердің бірімен сөзге келіп қалған. «Қарсыласы» оның ашуына тиетін сөздер айтқан көрінеді. Бұл бойжеткеннің шамына тиген. Артынша ол саябақты басына көтеріп айқайлап, ойнап жүрген кішкентай балаларды шошытты.
Сондағы қызметкерлер мен басқалары қызды сабырға шақырғанымен, ол жер тепкілей өзін ренжітіп қойған әйелдің кешірім сұрауын талап етеді.