$ 494.87  520.65  4.91

Әжесі тамақ сұраған немересін өлтіріп тастады

Үстіміздегі жылдың қаңтар айында немересін өлтірген Екібастұз қаласының тұрғыны жеңіл жазамен құтылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлімінің 3 және 14-тармақтары бойынша қозғалды. Екібастұздық тұрғын заңға сәйкес «Кәмелет жасқа толмаған әрі қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған кiсi өлтіру» бойынша айыпталды.

Алайда мемлекеттік айыптаушы 46 жасар әженің жазасын жеңілдетіп, ҚР ҚК-нің 104-бабына сәйкес «Абайсыздықпен адам өлтіру» бойынша жаза тағайындауды сұрады.

Ал қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша күдіктіні 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған еді.

Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кеңсе меңгерушісінің міндетін атарушы Самат Қабдығалиевтің мәліметіне сүйенсек, 23-шілдедегі сот үкіміне сәйкес 46 жасар әжеге екі жыл бойы қоныс колониясында жазасын өтеу тағайындалды. Сондай-ақ сотталған азаматша түзету мекемесінде алкогольден мәжбүрлі түрде емделетін болады.

Естеріңізге сала кетсек, қаңтар айында төрт жасар немересі таңғы уақытта қарны ашып, әжесін оятқан. Алайда күні бұрын құрбысымен бірге ішімдікке салынған әжесі ұйқысы қанбағандықтан, немересін әуелі ұрып, кейін тұншықтырған.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары