$ 494.87  520.65  4.91

Алматылық полицейлер 5 жасар баланы қағып, көшеге тастап кеткен жүргізушіні әлі таппай жатыр

Алматыда шалажансар күйі кілемге оралып, ағаштардың арасынан табылған 5 жасар бала ауруханада өлім аузында жатыр. Дәрігерлер қатты соққыдан бас сүйегі зақымданған бүлдіршінге операция жасағанымен, ол әлі есін жимаған. Ал, баланы қағып, ізін суытқан жүргізушіні полиция қызметкерлері әлі таба алмай жатыр деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Қалың ағаштардың арасынан кілемге оралған күйі табылған 5 жасар Дінмұхамедтің өмірі қазір қыл үстінде. Дәрігерлер бүлдіршінді аман алып қалу үшін тиісті көмек көрсетіп жатыр. Алайда, қатты соққыдан бас сүйегі зақымданған оның беті бері қарар емес.

"Баланың жағдайы өте нашар. Бас миы соғылғаннан кейін ісік пайда болады. Ісігі бар. Әлі аппаратта. Бірақ ем қабылдап жатыр", - деп мәлімдеді Алматы қаласы балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы бас дәрігерінің орынбасары Дінмұхаммед Рузуддинов.

Еске салсақ, Алматыдағы шығыс айналма жолында жоғарғы жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан белгісіз көлік жолға шығып кеткен баланы қағып кеткен еді. Артынша, жүргізуші өлім аузында жатқан бүлдіршінді кілемге орап, жол жиегіндегі ағаштардың арасына тастап кеткен. Дінмұхамедттің туыстары көлік иесінің әрекетін нағыз айуандыққа теңейді. Сондықтан кінәліні қатаң жазалау керек дейді.

Қазір полиция қызметкерлері күдіктіні іздестіріп жатыр. Олар оқиға болған жердегі бейнебақылау камерасы арқылы жүргізушінің кім екенін анықтауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары