$ 494.87  520.65  4.91

Денис Теннің өліміне күдікті Нұралы Қиясовтың ата-анасы ұлының кінәлі екеніне сенбейді (ВИДЕО)

25 жастағы мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысы бар деп ұсталған екі күдіктінің бірі Нұралы Қиясовтың ата-анасы халықтан кешірім сұрады деп жазады NUR.KZ.

Көз жасына ерік берген күдіктінің ата-анасы балаларына жала жабылғанына сенімді.

Ал әкесі: "Менің баламның кінәсі жоқ деп ойлаймын. Жаңағы видеода да екі жігіт өтіп бара жатыр. Түрлері де анық емес. Кешірім сұраймыз", - деді Нұралы Қиясовтың әкесі.

"Денистің ата-анасына қайғырып көңіл айтамыз. Артының жақсылығын берсін. Бірақ, мына жерде менің Нұралымның кінәлі емес деп ойлаймын. ол ондайға бармайтын бала. Жуас, момын. Балам үшін мен кешірім сұраймын. Ол есіктің алдындағы шыбынды да өлтірмейді. Балам мұны істеді деп ойламаймын. Ең соңғы камерадан көргенімізде не оны ұрғаны, төбелескені жоқ. Ал видеодағы екі бала өтіп бара жатқан уақыт Денистің кафеде отырған уақытымен сәйкес келеді екен. Полиция қызметкерлерінен әділдігін сұраймыз", - деді көз жасына ерік берген анасы.

Айта кетейік, 25 жастағы мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді 19 шілде күні белгісіз азаматтар пышақтап өлтірген еді. Күдікті ретінде ұсталған азаматтардың бірі Нұралы Қиясов болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары