$ 494.87  520.65  4.91

«Көшеде пышақсыз жүре аласыңдар ма?»: Байзақова бұдан былай ұры-қарыларды қамшылайтынын айтты

Атышулы блогер Айжан Байзақова егер полицейлер адамдарды ұры-қарылардан қорғай алмаса, онда қылмыскерлерді өзі қамшылауға шығатынын айтты.

«Жуырда Қазақстанда нағыз еркектерді қызыл кітапға енгізетін болатын шығар. Көшеде пышақсыз жүре аласыңдар ма өздерің? Бұрын мектеп кезінде төбелес жай жұдырықтасумен аяқталатын. Ал, қазір еркектеріміз болса не топырлап бір адамға жабылады, не қалталарынан пышақ немесе қару шығарады. Пышақпен жүретін «батырсымақтарға» арнайы концлагерь ашу керек. Тағы бір жақсы нұсқа бар. Егер құзырлы органдар бізді ұры-қарылардан қорғай алмаса, онда оларды жезөкшелерді қуғандай, қамшымен қамшылайтын боламыз», – деп жазды Байзақова өз Instagram-парақшасында.

Сондай-ақ, Айжан кезінде өзін де бірнеше қыз ұрып-соққанын есіне алды. Бірақ олардан өш алу үшін пышақ кеземегенін айтып, керісінше қазір өзін қорғай алатындай халге жетіпті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары