$ 494.87  520.65  4.91

Шымкенттік бойжеткеннің үндіге тұрмысқа шығып жатқан видеосы желіні жарды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде үнділікке тұрмысқа шыққан бойжеткеннің видеосы тарады деп хабарлайды NUR.KZ.

Желі қолданушылары бұл жайт Шымкентте болған деп топшылауда.

«Өзбектің қыздары үнділерге тұрмысқа шығып жатыр. Бұл Шымкенттің Сайрам ауданында болған жайт», - деп жазған видеоны желіге жүктеуші.

Желі қолданушылары жас жұбайларға бақыт тілеп, махаббат ұлтқа қарамайтынын алға тартуда.

«Махаббат ұлтқа қарамайды ғой. Пайдасы болмаса да, зияны тиіп жатқан жоқ. Бастысы дәм-тұздары жарасып, бақытты болса болды», «Жаман ұлт жоқ, жаман адам ғана бар», «Үнділердің де мұсылмандары бар», «Бақытты болсын», - деп жазған пікір қалдырушылар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары