Талдықорғанда дүкенге нан алуға кеткен 13 жастағы бала үйіне оралмады. Бұл туралы жеткіншектің анасы айтып берді деп жазады NewTimes.kz.
Зарина Бейсембаеваның айтуынша, ұлының мінезі биязы, ешкіммен қақ-соғы жоқ екен.
«Жексенбі күні сағат 16:00-де дүкенге нанға кеткен. Дүкендегілер ол күні ұлымды көрмепті. Қалтасында тек 1000 теңгесі болған. Телефонын да үйге тастапты. Бір тәулік болды, жоқ», - дейді анасы.
Зарина Бейсембаева ұлымен арада кикілжің болмағанын алға тартады. Көрген, білгендер болса, мына байланыс нөмірлеріне хабарласса дейді: +7 705 770 04 38; +7 707 149 72 51; +7 747 203 86 10.