$ 444.32  473.33  4.76

«Өзімді ұсқынсыз деп ойлайтынмын»: Мақпал Исабекова оқушы кезіндегі фотосын көрсетті

Эстрада жұлдызы Мақпал Исабекова бұған дейін 18 жасындағы фотосын жүктеген еді. Енді ғана бойжетіп келе жатқан қыздың табиғи сұлулығын жазып, көпшілік таң қалған. Әншіге көптің ерекше ықыласы ұнап қалса керек, ол енді бұл жолы желідегілерге оқушы кездегі суретін көрсетіп мақтанды.

«Сыныптастар! Нақты білмеймін. Томиристің не Софияның туған күні. 6-сынып оқимын. Жасым - 12-де.

Өзімді толық әрі ұсқынсыз деп ойлайтын кезім. Қазір қарап отырсам сондай тәп-тәтті боппын.

Бұл кішкентай қыз менің ішімде әлі өмір сүріп жатыр. Оның балаңдығын жоғалтпай, сақтайтын боламын. Сөз беремін, Макося», - деп әнші көптен өзін қаншалықты тез танығанын сұрады.

Желі қолданушылары әншіні жазбай танығандарын жазған.«Сөз жоқ, сүйкімдісіз» дегендер де көп.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары