Алматыда ер адамды шапалақпен ұрған троллейбус жүргізушісінің видеосы желіде тарап кетті. Осынау сәтті куәгерлер телефон камерасына түсіріп алған.
Оқиға Алматы қаласындағы М.Горький саябағының жанында болған. Екі жүргізуші жолға таласып қалған сыңайлы.
Троллейбустағы әйел жүргізуші өзіне жол бермей қойған автокөлік иесіне ашуланған. Көп сөзге келмей, бір уақытта әйел ер адамның шапалағынан тартып жібереді. Автокөлік иесі де келіншекті тебуге ұмтылған. Бірақ екі жүргізушіні басқалары ажыратып қалады.
Желі қолданушылары көше ортасында бір-бірімен жаға ұстасқан екі жүргізушінің іс-әрекетін сынға алды.