$ 494.87  520.65  4.91

«Төркініме барсам, қайта әкеп тастайды»: Күйеуінің таяғынан қашып кеткен Созақтың келіні табылды

Із-түзсіз жоғалып кеткен келіншектің табылғаны туралы ақпаратты Түркістан облыстық ІІД баспасөз қызметі растады. Толық ақпаратты кейінірек жіберуге уәде етті деп жазады NUR.KZ.

Еске сала кетсек, бұған дейін Созақ ауданында 19 жастағы жас келін төрт күн бұрын таңғы сағат алтылар шамасында үйінен шығып, із түзсіз жоғалып кеткені туралы журналист Гүлмира Әбіқай өз парақшасында жария етті.

Онда жас келін тұрмысқа шыққаннан кейін екі ай өте сала осы уақытқа дейін үйіне күйеуінен көкала қойдай болып бірнеше рет таяқ жеп келгені туралы айтылады.

Сенімді дереккөз келіншектің аяқ-қолы сынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары