$ 443.35  475.54  4.82

«Күйеуі өлімші етіп сабаған»: 19 жастағы Созақтың келіні 4 күннен бері із-түссіз жоқ

Созақта 19 жастағы келін із-түссіз жоғалып кетті. Ол күйеуінен теперіш көрген күннің ертесі үйінен қашып кеткен. Бұл туралы белгілі журналист Гүлмира Әбіқай Facebook әлеуметтік желісінде жазды.

Оқиға Түркістан облысы Созақ ауданында болған.

«Күйеуі өлімші етіп сабаған. Таңғы 6-да үйден шығып кеткеніне бүгін төртінші күн. Содан бері Жансаяны көрдім-білдім деген адам жоқ. Жасы 19-да.

7 ай бұрын көрші ауылдың баласы алып қашты. Екі айдан соң төркініне көкала қойдай боп аяғы сынып келді, үш айдан соң қолы шытынап тағы келді. Бұл жолы үшінші рет келгенде келін болған жерден түңілдім деп кесіп айтты. Шымкенттік жеңгелер қойсын ба, соңғы рет деп түнделетіп күйеуіне қайта қосты. Таңғы алтыда енесі, күйеуі бәрі төсек сипап қалды. Жас келін белгісіз жаққа кеткен күйі жоқ», - деп жазды журналист.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары