$ 494.87  520.65  4.91

Екі жылдан кейін қазақстандықтардың 70 пайызы қазақ тілінде еркін сөйлейтін болады

2017 жылға қарай қазақстандықтардың 70 пайызы қазақ тілінде еркін сөйлейтін болады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің брифингінде Ш.Шаяхметов атындағы республикалық үйлестіру-әдістемелік тілдері орталығының маманы Лиза Есбосынова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

- Бүгінгі таңда біздің жүргізген әлеуметтік сауалнамамыз бен тіл үйрету орталықтарынан берілген сертификаттар санының пайыздық көрсеткіштеріне қарап Қазақстан азаматтарының 40 пайызы қазақ тілінде еркін сөйлеп, жаза алатынын аңғардық. Нақты жоспарларды орындау арқылы біз бұл көрсеткішті 2017 жылы 70 пайызға дейін жеткізетін боламыз, - деді Л.Қожаққызы. 

Айта өтейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілін үздіксіз және жүйелі түрде оқыту арқылы 2025 жылға дейін ел азаматтарының қазақ тілін меңгеру көрсеткішін 100 пайызға жеткізуді тапсырған болатын.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары